jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Түркияның Измир қаласында жарылыс болды: 50-ден астам адам жараланып, бесеуі қаза тапты

Түркияның жедел жәрдем көлігі
Түркияның жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: SOPA Images/Contributor/Getty Images

Жексенбі, 30 маусымда Түркияның Измир қаласында газ жарылды. Төтенше жағдай салдарынан бес адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы провинция губернаторы Сүлейман Эльбан хабарлады.

Оның айтуынша, жарылыс 30 маусымда түс ауа мейрамхана мен наубайхана орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатында болған. Пәтерлер бүлінген, қарама-қарсы ғимараттардың әйнектері сынған.

Алдын ала болжам бойынша, газ баллоны жарылған.

Зардап шеккендер қазір ауруханада жатыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Басылым мәліметінше, әзірге жарылыстың нақты себебі белгісіз, тергеу жүріп жатыр.

Бұл ретте Түркияның Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунч прокуратура жарылысқа қатысты сот тергеуі басталғанын айтты. Ғимаратқа газ баллонын орнатқан адам ұсталды.

Түркияның Измир қаласында жарылыс болды: 50-ден астам адам жараланып, бесеуі қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.