"Ауыр күн": Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русскомРиши Сунак сайлауда жеңілгеннен кейін Ұлыбритания үкіметі басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол қызметінен кетерде сөз сөйлеп, Даунинг-стриттегі үйден әйелі екеуі бірге шығып бара жатқан видеосын жариялады.
Сунак жазбаны X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
"Мен бұл жұмысқа барымды бердім. Маған айқын белгі бердіңіздер және мен үшін әр пікір маңызды.
Бұл ауыр күн, бірақ әлемдегі ең жақсы елдің премьер-министрі болу құрметіне ие болып, қызметімнен кеттім", - деп жазды Сунак.
Еске салайық, осыған дейін Ұлыбританиядағы сайлауда билеуші консервативтік партияның (тори) жеңілгені белгілі болған еді.
Риши Сунак өзінің қызметінен кетуге дайын екенін растады және лейбористер лидері Кир Стармерді құттықтады.
Айта кетейік, бұған дейін жаңадан тағайындалатын Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі, лейбористер лидері Кир Стармер туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2129757-auyr-kun-rishi-sunak-ulybritaniia-premer-ministri-qyzmetinen-ketti-video/