jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ауыр күн": Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті (видео)

Риши Сунак
Риши Сунак. Фото: Lucy North/PA Images/Getty Images

Риши Сунак сайлауда жеңілгеннен кейін Ұлыбритания үкіметі басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол қызметінен кетерде сөз сөйлеп, Даунинг-стриттегі үйден әйелі екеуі бірге шығып бара жатқан видеосын жариялады.

Сунак жазбаны X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Мен бұл жұмысқа барымды бердім. Маған айқын белгі бердіңіздер және мен үшін әр пікір маңызды.

Бұл ауыр күн, бірақ әлемдегі ең жақсы елдің премьер-министрі болу құрметіне ие болып, қызметімнен кеттім", - деп жазды Сунак.

Еске салайық, осыған дейін Ұлыбританиядағы сайлауда билеуші консервативтік партияның (тори) жеңілгені белгілі болған еді.

Риши Сунак өзінің қызметінен кетуге дайын екенін растады және лейбористер лидері Кир Стармерді құттықтады.

Айта кетейік, бұған дейін жаңадан тағайындалатын Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі, лейбористер лидері Кир Стармер туралы жазған едік.

"Ауыр күн": Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кетті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.