Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде ұшақ апатқа ұшырады: ұшқыш пен екі жолаушы қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Өртсөндірушілер ұшақ өртін сөндіріп жатыр
Ресейдегі ұшақ апаты. Фото: t.me/tatarstansos

Татарстанда серуендеуге арналған ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапқан. Ал біреуі жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, ұшақ Татарстанның Камско-Устинск аймағында құлаған.

"Иә, ұшақ апатқа ұшырады. Үш адам көз жұмды, олардың біреуі бала болуы мүмкін", - деп хабарлады аудандық азаматтық қорғау басқармасының маманы.

Ол оқиға салдарынан тағы бір адамның зардап шеккенін мәлімдеді. Оның мәліметінше, ұшақ серуендеуге арналған.

Telegram-дағы SHOT арнасының мәліметінше, ұшақ құлағаннан кейін өрт шығып, қаза тапқандардың денесі қатты күйіп қалған. Ұшқыш үш адамнан тұратын отбасыға экскурсия жасағаны хабарланды.

"Әуе кемесінің командирі, анасы мен қызы қаза болды, ал әкесі ауыр халде ауруханаға түсті.

"Әуе кемесінің қауіпсіздік ережелерін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ең жоғары жаза – жеті жыл бас бостандығынан айыру", - делінген Telegram-да жарияланған ақпаратта.

Telegram-дағы "Татарстан оқиғалары" арнасы жолаушылардың Воронежден келген отбасы болып шыққанын, ал сапарды туристік компания ұйымдастырғанын жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2131740-reseide-ushaq-apatqa-ushyrady-ushqysh-pen-eki-zholaushy-qaza-tapty/