jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Біздің дәстүр емес": Жапаров қырғызстандықтарды бейітке ескерткіш орнатпауға шақырды

Садыр Жапаров
Президент Садыр Жапаров. Фото: kabar.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел азаматтарын бейіттерге ескерткіш орнатпауға шақырды. Бұл әрекет шариғатқа қайшы екенін атап өтті, деп хабарлайды "Кабар" мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Шариғат бойынша мұсылманға бағалы тас түрлерін орнатуға және қабір басына фотосуреттер қоюға, оны темір қоршаулармен қоршауға, цемент пен бетон қолдануға тыйым салынады. Мұндай әдет-ғұрыптар марқұмға көмектеспейді. Керісінше қабірдің үстіне төбе тұрғызу марқұмның рухына азап әкеледі", - деді Қырғызстан президенті.

Ол шариғат бойынша кез келген зиратты соңғы жерлеу рәсімі 25 жыл өткеннен кейін қайта пайдалануға болатынын айтты. Жапаров дәл осындай нормалар ел заңнамасында да бар екенін еске салды.

"Мен барлық қырғызстандықтарға зираттарға металл және тас ескерткіштер тұрғызуды тоқтатуды өтінемін.

Марқұмдардың рухына тағзым ету үшін үйде күнде оларға Құран оқып еске алуға болады. Сол жеткілікті. Металл ескерткіштер немесе екі қабатты кесенелер орнату – біздің дәстүр емес", – дейді Қырғыстан президенті.

Сондай-ақ ел басшысы күнде таңертең Құран оқитынын айтты.

"Біздің дәстүр емес": Жапаров қырғызстандықтарды бейітке ескерткіш орнатпауға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.