Қырғызстан президентінің інісі ұсталып, қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚырғызстан Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті өкілдері Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаровты ұстап, ол сот шешімімен қамауға алынды. Президенттің туысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Vesti.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, ол Қырғыз Республикасы президентінің облыстардың біріндегі өкілетті өкілі қызметіне орналастыруға уәде беріп, сол үшін 100 мың доллардан астам сыйақы алған. Алайда ол уәдесін орындамаған, деп жазады авторлар.
Бішкектің Первомайский аудандық соты басылым өкілдеріне 21 маусымдағы сот қаулысымен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Бішкек бойынша тергеушісінің өтініші қанағаттандырылғаны хабарлаған. Соның нәтижесінде Ұлан Жапаровқа қатысты 19 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Еске салсақ, өткен жылы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Бішкекте ұсталған болатын. Кейін ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгені хабарланды.
Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың (інісінің қызы) қарындасының бұрынғы жігіті Автандил Сабырбековтің ұсталғанын жазған едік.
Ал жақында Садыр Жапаровтың інісінің қызы желіде қызу талқыға түскен. Оған үйленуге ұсыныс жасаған ер адам Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.
Кейін Садыр Жапаров даулы жағдайға қатысты пікір білдіріп, қарындасы үшін халықтан кешірім сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2135658-qyrgyzstan-prezidentining-inisi-ustalyp-qamauga-alyndy/