jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанда президент қарындасының бұрынғы жігіті ұсталды: істің жай-жапсары белгілі болды

Кісен
Көрнекі фото: pexels.com

Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың (інісінің қызы) қарындасының бұрынғы жігіті Автандил Сабырбековтің ұсталғаны хабарланған. Сабырбековты ұстау операциясының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды 24.kg.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздің басылым тілшілеріне берген мәліметі бойынша, Автандилмен бірге ағасы Тариел мен тағы бірнеше адам ұсталған.

Олар ірі көлемде есірткіні дайындады және сатты деген күдікпен 5 шілдеде қамауға алынды.

Айта кетейік, бір күн бұрын Сабырбеков ұсталғаны туралы ақпаратқа Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі түсініктеме берген болатын.

Баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов бұл фактіні растап, бұл жас жігіттің басты мақсаты заңсыз әрекеттерін қорғау үшін билік басындағы адамдар арасына ("крыша") табу екенін айтты.

Еске салайық, жақында Садыр Жапаровтың інісінің қызы желіде қызу талқыға түскен. Оған үйленуге ұсыныс жасаған ер адам Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.

Кейін Садыр Жапаров даулы жағдайға қатысты пікір білдіріп, қарындасы үшін халықтан кешірім сұрады.

Қырғызстанда президент қарындасының бұрынғы жігіті ұсталды: істің жай-жапсары белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.