Джо Байден сайлауға қатысты жоспарын айтты
Жарияланған күні:
АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден келесі аптада сайлауалды науқанқа оралатынын айтты. Бұл туралы The New York Times басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым Байден мен оның сайлауалды науқан бойынша кеңесшілері өз ұстанымынан ашық түрде бас тартпағанын жазады.
Қазіргі президент өз мәлімдемесінде "өзінің ұстанымын қорғай отырып, Дональд Трамптың "2025 жобасы" бағдарламасының қаупін әшкерелеуді жалғастыру үшін тағы да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді асыға күтіп жүргенін айтты. Президенттің сайлауалды науқанының төрағасы Джен О'Мэлли Диллон да жергілікті телебағдарламада "ол жеңіске жетуге дайын" екенін айтқан.
Алайда, жекелей алғанда, президент пен оның командасына жақын адамдар оның сайлаудан бас тартуы қажет екені туралы үндеулерге және оның Трамптан әлдеқайда артта қалғаны туралы дәлелдерге құлақ түре бастағанын айтады.
Дереккөздердің бірі басылымға Байденнің кеңесшілері арасындағы пікірталастар президент екінші мерзімге үміткер болудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда бұл жаңалықты хабарлаудың оңтайлы уақытын қарастырып жатқанын айтқан.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып, емделіп жатқанын жазған едік.
Джо Байден соңғы кездерде түрлі қылық көрсетіп жүргені мәлім. Мәселен, радиолардың біріне берген сұқбатында АҚШ-тың қазіргі президенті "қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын" айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2137182-dzho-baiden-sailauga-qatysty-zhosparyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.