jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

АҚШ, Норвегия және Ирландия азаматтарын Ливаннан кетуге шақырды

Ливан
Ливан. Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен сенбіде Голан жоталарына жасалған соққыдан кейін қақтығыстың өршіп кетуінен қауіптенген АҚШ, Норвегия және Ирландия азаматтарын Ливаннан кетуге шақырды.

Норвегиялық TV2 телеарнасы Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, ведомствоның ел азаматтарын Ливаннан кетуге шақырғанын жариялады, деп жазады РИА Новости.

Норвегия Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, кейінгі 24 сағат ішінде болған шабуылдар "Хезболла" мен Израиль арасындағы қақтығысты өршітуі мүмкін.

"АҚШ елшілігі азаматтарын Ливанға бару жоспарын қайта қарауға шақырып, саяхаттың қауіпті екенін ескертеді", - делінген АҚШ-тың Ливандағы елшілігінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған басылымда.

Ирландияның Сыртқы істер министрлігі де азаматтарын Ливанға сапарлаудан бас тартуға шақырды.

Сонымен қатар ведомство Ирландия тұрғындарына сол елден кетуді қатаң түрде ұсынған.

Ирландияның Сыртқы істер министрлігі өкілдері хабарлағандай, Ливандағы жағдай өте тұрақсыз болып отыр, соңғы апталарда елдің оңтүстік шекарасындағы қақтығыстар күшейе түсті.

Еске салайық, Голан биіктеріндегі футбол алаңын атқылау салдарынан 12 жасөспірім мен жастар қаза тауып, ондаған адам жарақат алған болатын.

Израиль қорғаныс күштері зымыранның Мадждал Шамс аймағына түскенін хабарлады.

АҚШ, Норвегия және Ирландия азаматтарын Ливаннан кетуге шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.