jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Тегеранда ХАМАС саяси бюросының басшысы қаза тапты

ХАМАС басшысы Исмаил Хания
ХАМАС басшысы Исмаил Хания. Фото: George Azar/Bloomberg via Getty Images

Тегеранда ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шабуыл кезінде көз жұмды. Бұл ақпаратты Ислам революциясы сақшылары корпусы растады, деп хабарлайды, РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Палестина ақпарат құралдарының мәліметінше, Хания Иран астанасындағы резиденциясына жасалған шабуылда қаза болды.

ХАМАС саяси бюросы жетекшісінің өліміне қатысты мәлімдеме жасаған.

Сондай-ақ оның бір оққағарының қаза тапқаны хабарланды.

Басылымның хабарлауынша, ХАМАС қозғалысы да ресми мәлімдемеде Саяси бюро басшысының қаза болғанын мойындаған.

Кеше, 30 шілдеде Израиль әскері Бейрутке шабуыл жасаған еді. Израильдік бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыпталған "Хезболла" командиріне қарсы шабуыл жасалды деген болжам бар.

Бұған дейін BBC орыс қызметі Израиль басып алған Голан жоталарына зымыран шабуылдары салдарынан 12 адам қаза тапқанын хабарлаған еді. Зардап шеккендердің көбі балалар мен жасөспірімдер деп болжанып отыр.

Кейін Израиль футбол алаңындағы өлімге Ливандағы "Хезболлаға" қарсы соққылармен жауап берді.

Тегеранда ХАМАС саяси бюросының басшысы қаза тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.