jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Камала Харрис ресми түрде АҚШ президенттігіне үміткер атанды

Камала Харрис за столом
Камала Харрис. Фото: Ken Cedeno/CNP/Bloomberg via Getty Images

АҚШ вице-президенті Камала Харрис ресми түрде президенттікке үміткер атанды. Ол Демократиялық партия делегаттарынан президенттікке үміткер болу үшін жеткілікті дауыс жинады, деп хабарлайды Washington Post басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ вице-президенті Камала Харрис елдегі ең жоғары лауазымға ресми түрде президенттікке үміткер болу үшін онлайн сайлауға қатысқан. Харрис Демократиялық партия делегаттарынан қажет дауыс санын жинаған.

Камала Харрис Америка тарихындағы алғашқы әйел президент болуы мүмкін. Сонымен қатар ол сайлау партиясын басқарған алғашқы қара нәсілді әйел болды.

Ақпаратты Демократиялық партиясының ұлттық комитетінің төрағасы Джейми Харрисон растады. Ол Харрис дауыс беру басталғаннан кейін бір күн өткен соң қажетті дауыс санын жинағанын хабарлады.

Айта кетейік, Барак пен Мишель Обама телефон арқылы сөйлесу кезінде вице-президент Камала Харриске қолдау білдірді.

Сонымен қатар АҚШ президенттігіне үміткер Камала Харрис қарсыласы Дональд Трамппен 10 қыркүйекте дебат өткізуге дайын екенін айтты.

Бұған дейін Камала Харрис АҚШ президенттігіне үміткер болатынын ресми түрде жария еткен болатын.

Камала Харрис ресми түрде АҚШ президенттігіне үміткер атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.