Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ Иран Израильге шабуыл жасайды деген күнді атады

Жарияланған күні:

Иран и Израиль
Флаги Ирана и Израиля. Фото: Manuel Augusto Mareno/Getty Images

Иранның Израильге соққы жасайтын күні 13 тамызда – Бірінші және Екінші Иерусалим храмдары қираған ұлттық қаралы күні жасалуы мүмкін, деп хабарлайды РБК.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Газада гуманитарлық көмек тиелген 100 шақты жүк көлігі тоналды

Басылым араб жаңалықтар телеарнасына сілтеме жасап, Иран мен "Хезболла" ұйымы 13 тамыздың түнінде, Тиш’а бе-ав күнінде Израильге шабуыл жасауды жоспарлап отыр деп мәлімдеп отыр.

Бұл – Израильде Бірінші және Екінші Иерусалим храмдары қираған ұлттық қаралы күн.

Шабуыл палестиналық ХАМАС қозғалысының саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны, "Хезболланың" жоғары лауазымды командирі Фуад Шукрды және ХАМАС-тың әскери қанатының қолбасшысы Мұхаммед ад-Дейфті израильдіктердің өлтіруіне жауап ретінде жасалады деп жазады басылым.

Мұндай күнде жасалған шабуыл Израильге қатты эмоционалды және психологиялық әсер етеді және Израиль қоғамында осалдық пен қорқыныш сезімін күшейтіп, осы күнмен байланысты тарихи жараларды қайта жаңғыртуы мүмкін деп атап өтілген.

Сондай-ақ шабуылдың күтпеген жерден жасалуы мүмкін екендігі айтылады, себебі діни күндердегі қауіпсіздік шаралары көбіне әскери шабуылдарға емес, жаппай тәртіпсіздіктердің алдын алуға бағытталған.

Еске салайық, шілде айының соңында ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Тегеранда өлтірілгені хабарланған болатын – ақпаратты Ислам революциясы сақшылары корпусы растаған. ХАМАС қозғалысы да ресми мәлімдемесінде саяси бюро басшысы қаза болғанын мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2144344-baq-iran-izrailge-shabuyl-zhasaidy-degen-kundi-atady/