jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Италияда яхта апатынан кейін із-түссіз жоғалған мультимиллионер мен оның қызының денесі табылды

Майк Линч
Майк Линч. Фото: Chris Ratcliffe/Bloomberg via Getty Images

Екі күн бұрын Италияда Bayesian яхтасы суға батып кетті. Апат кезінде жоғалып кеткен британиялық мультимиллионер мен оның қызының денесі Сицилия жағалауында яхтадан табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетейік, британиялық технология магнаты Майк Линч Сицилия жағалауында Bayesian яхтасы суға батқаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен еді.

Ал бүгін 59 жастағы миллиардер мен оның 18 жастағы қызы Ханнаның қаза тапқаны мәлім болды. The Telegraph басылымы олардың денесі табылғанын жазды.

Құтқарушылар тағы екі адамның денесін тапқан.

Бұған дейін апат кезінде ұшақ бортында 22 адам болғаны, олардың көпшілігі Ұлыбритания азаматтары екені хабарланған еді.

Италия жағалау күзеті мәлімдемесінде торнадо соққан кезде кеменің Портичелло портының жанында теңізде зәкірмен бекітілгені айтылған.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің өкілі Сицилиядағы оқиғадан кейін зардап шеккендерге консулдық көмек көрсетті.

Италияда яхта апатынан кейін із-түссіз жоғалған мультимиллионер мен оның қызының денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.