jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Нақты ескерту": журналист Такер Карлсон Францияда қамауға алынған Дуровқа қатысты пікір білдірді

Такер Карлсон
Такер Карлсон. Фото: Giorgio Viera/AFP/Getty Images

Америкалық журналист Такер Карлсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Павел Дуровтың қамауға алынуы шындық цензурасынан бас тартатын кез келген онлайн платформа иесіне ескерту екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Павел Дуровтың тұтқындалуына американдық журналист Такер Карлсон да түсініктеме беріп, бұл әрекеттерді шындықты бақылағысы келмейтіндер үшін ескерту деп атады.

"Ресей үкіметі Павел Дуровтың Telegram әлеуметтік желісін бақылауға алмақ болған кезде ол сол елден кетіп қалды. Бірақ ақыр соңында оны жұртшылықтың сөз бостандығынан ләззат алуға мүмкіндік бергені үшін Путин қамамаса да, батыс елдері Байден әкімшілігі одақтасы және НАТО мүшесі тұтқындады.

Павел Дуров бүгін түнді француз түрмесінде өткізеді. Ал бұл шындықты цензуралағысы келмейтін барлық онлайн платформа иелеріне нақты ескерту... Бұрынғы еркін әлемді қараңғылық тез басып жатыр", - деп жазды журналист өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Посттың астында ол биыл сәуір айында Павел Дуровпен өткізген сұхбатын да жариялады.

"Нақты ескерту": журналист Такер Карлсон Францияда қамауға алынған Дуровқа қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.