"Саяси шешім емес": Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомФранция президенті Эммануэль Макрон Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың тұтқындалуын "бұл – саяси шешімнің емес" деп мәлімдеді. Жазбаны Франция басшысы X әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін Франция туралы жалған ақпаратты оқып жатырмын.
Франция сөз бостандығы мен коммуникация, инновация және кәсіпкерлікке барынша көңіл бөледі. Осылай болып қала бермек.
Заң үстемдігі жағдайында нақты өмірдегідей, әлеуметтік желілерде азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын құрметтеу үшін заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылады.
Telegram-ның негізін қалаушыны Францияда қамауға алу жүргізіліп жатқан сот тергеуінің бір бөлігі ғана, бұл саяси шешім емес. Шешімді судьялар шығарады", - деді Макрон Х әлеуметтік желісінде жазған мәлімдемесінде.
Еске салсақ, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.
Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-дың негізін қалаушы және бас директоры жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.
Кейін франциялық БАҚ 24 тамызда Францияда ұсталған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2153557-saiasi-sheshim-emes-frantsiia-prezidenti-pavel-durovtyng-ustaluyna-qatysty-algash-ret-pikir-bildirdi/