jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Саяси шешім емес": Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

Президент Франции Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Ludovic Marin/AFP via Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың тұтқындалуын "бұл – саяси шешімнің емес" деп мәлімдеді. Жазбаны Франция басшысы X әлеуметтік желісінде жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Павел Дуров қамауға алынғаннан кейін Франция туралы жалған ақпаратты оқып жатырмын.

Франция сөз бостандығы мен коммуникация, инновация және кәсіпкерлікке барынша көңіл бөледі. Осылай болып қала бермек.

Заң үстемдігі жағдайында нақты өмірдегідей, әлеуметтік желілерде азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын құрметтеу үшін заңмен белгіленген шеңберде жүзеге асырылады.

Telegram-ның негізін қалаушыны Францияда қамауға алу жүргізіліп жатқан сот тергеуінің бір бөлігі ғана, бұл саяси шешім емес. Шешімді судьялар шығарады", - деді Макрон Х әлеуметтік желісінде жазған мәлімдемесінде.

Еске салсақ, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-дың негізін қалаушы және бас директоры жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

Кейін франциялық БАҚ 24 тамызда Францияда ұсталған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

"Саяси шешім емес": Франция президенті Павел Дуровтың ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.