Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путиннің баспасөз хатшысы Песков Дуровқа тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Дмитрий Песков
Дмитрий Песков. Фото: Sefa Karacan/Anadolu Agency/Getty Images

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Telegram негізін қалаушысы Павел Дуровқа тағылған айыптарға қатысты пікір білдірді. Қазіргі уақытта кәсіпкер Францияда қамауда отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"РИА Новости" басылымының мәліметінше, Кремль өкілі миллиардерге ауыр айып тағылып отырғанын айтқан.

"Айыптаулар (Дуровқа тағылған – ред. ескертпесі) шынымен де өте ауыр, ол маңызды дәлелді базаны қажет етеді, өйтпеген жағдайда бұл байланыс еркіндігін шектеуге және ірі компания басшысын қорқытуға тікелей жасалған әрекет болып саналады. Бұл оқиғада Макрон мырза кеше жоққа шығарған саясат айқын көрінеді", - деді Песков журналистерге.

Сондай-ақ Путиннің баспасөз хатшысы журналистердің "Дуровты тұтқындау аясында Кремль қызметкерлерінен Telegram-дағы "хабарламаларды өшіру" туралы өтініш болды ма?" деген сұрағына жауап берді.

"Біз әкімшілікте ешқандай мессенджерді ресми мақсатта пайдаланбаймыз, өйткені бұл жай ғана қызметтік ережелер мен қызметтік этиканы бұзу болар еді, әрине, ешкім ешкімді ештеңені өшіруге үгіттеп отырған жоқ", - деп түсіндірді ол.

Песков сонымен қатар бірде-бір мессенджер қызметтік хат алмасуда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтінін атап өтті.

Павел Дуровтың Францияда қамауға алынуы

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 24 тамызда Францияда қамауға алынды.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-ның негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

Кейін франциялық БАҚ Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

Бұл жайтқа америкалық журналист Такер Карлсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, Павел Дуровтың қамауға алынуы шындық цензурасынан бас тартатын кез келген онлайн платформа иесіне ескерту екенін айтты.

Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дуровқа қолдау білдіретінін жеткізді.

Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне байланысты мәлімдеме жасап, 12 қылмыс бойынша айып тағылғанын жария етті.

Одан бөлек, Франция президенті Эммануэль Макрон Павел Дуровтың тұтқындалуын "саяси шешімнен емес" екенін мәлімдеді.

БАӘ Сыртқы істер министрлігі Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жасады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі Ле-Бурж әуежайында француз билігі тұтқындаған БАӘ азаматы Павел Дуровтың ісін мұқият қадағалап отырғанын және олар Франция үкіметіне жедел түрде толық консулдық қызмет көрсету туралы өтініш жібергенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2153955-putinning-baspasoz-hatshysy-peskov-durovqa-tagylgan-aiyptarga-qatysty-pikir-bildirdi/