Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолия билігі Путинді ХҚС ордері бойынша қамауға алудан бас тарту себебін түсіндірді

Жарияланған күні:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: Mikhail Metzel/POOL/AFP/Getty Images

Моңғолия билігінің өкілі мұнай өнімдері мен электр энергиясын импорттаушы ел бейтарап саясат ұстанатынын мәлімдеді. Бұл туралы РБК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Моңғолия билігі Ресей президенті Владимир Путинді Халықаралық қылмыстық соттың (ХҚС) санкциясы бойынша қамауға алудан бас тартуын энергетикалық тәуелділік пен бейтараптық саясатымен түсіндірді.

Үкімет өкілінің айтуынша, Моңғолия мұнай өнімдерінің 95 пайызын, электр қуатының 20 пайыздан астамын көршілес елдерден импорттайды.

"Бұл жеткізілімдер біздің халқымыздың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін өте маңызды", - деді ол.

Үкімет өкілі Ұланбатыр "барлық дипломатиялық қарым-қатынасында әрдайым бейтарап саясат ұстанғанын" атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Ресей Моңғолияға АЭС салып беретіні туралы жазған едік. Қазір Ресейдің Моңғолияға АЭС салуы туралы жобаның келіссөздері жүріп жатыр. Станция Жаңа Қарақорым аймағында салынбақ.

Еске салсақ, бұған дейін тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2156770-monggoliia-biligi-putindi-hqs-orderi-boiynsha-qamauga-aludan-bas-tartu-sebebin-tusindirdi/