jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Солтүстік Кореяда су тасқынына байланысты отыздай адам өлім жазасына кесілген

Солтүстік Корея
Солтүстік Корея. Фото: pixabay.com

Солтүстік Корея соңғы айда су тасқынынан зардап шеккен аймақтың 20-30 шенеунігін өлім жазасына кескен. Бұл туралы "РБК" басылымы жергілікті телеарнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның оңтүстіккореялық шенеунікке сілтеме жасаған TV Chosun телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, өлім жазасына "су тасқынынан келетін залалдың алдын алмау" себеп болған.

Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметі жағдайды жіті бақылап отыр, деп хабарлайды Yonhap.

Ким Чен Ын бұған дейін "өз міндеттеріне немқұрайлы қарағандарды" қатаң жазалайтынын, құрбан болғандарға солар жауапты екенін айтқан.

Солтүстік Кореяның солтүстік-батысында шілденің соңында толассыз жауған жаңбыр соңы су тасқынына ұласқан. Салдарынан 4,1 мыңнан астам үй мен ауылшаруашылық алқаптарының едәуір бөлігі зардап шекті. Оңтүстік Корея БАҚ-тары су тасқынынан 1,5 мыңға дейін адам қаза тапқанын жазды. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл ақпаратты "қаралау науқаны" деп атады.

Солтүстік Кореяда су тасқынына байланысты отыздай адам өлім жазасына кесілген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.