jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Сөзден шатасқан Байден Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея деп атады

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Kevin Dietsch / Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Висконсин штатында сөйлеген сөзінде қателесіп, Солтүстік Кореяны Оңтүстік Кореямен шатастырған. Алайда президент бірден қатесін түзеген, деп хабарлайды CNBC телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Өз сөзінде Байден компьютерлік чип өндірісі тақырыбына тоқталды.

"Олар автомобиль қозғалтқыштарынан қару-жараққа дейін қажет", - деген ол АҚШ комгпьютерлік чиптер туралы заң қабылдағанын айтты.

Сондай-ақ АҚШ басшысы сөзден жаңылып, чип өндірісі бойынша КХДР-ға барғанын айтқан. Бірақ ол мұны бірден түзеткен.

"Осында (АҚШ-та – ред. ескертпесі) компьютерлік чип шығаратын зауыттар ашу үшін бүкіл әлемді араладым. Солтүстік Кореядан... Оңтүстік Кореядан бастап басқа елдерге бардым", - деді ол.

Президенттің сөзі YouTube-тағы CNBC TV арнасында жарияланды.

Еске салсақ, бұған дейін Джо Байден радиолардың біріне берген сұқбатында АҚШ-тың қазіргі президенті "қара нәсілді президент елді басқарған кезде жұмыс істеген алғашқы қара нәсілді әйел болғанын мақтан тұтатынын" айтты.

Сөзден шатасқан Байден Оңтүстік Кореяны Солтүстік Корея деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.