jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бірден төрт ел "Талибанға" қарсы Халықаралық сотқа шағым түсірді

Гаагадағы Халықаралық сот ғимараты
Гаагадағы Халықаралық сот ғимараты. Көрнекі фото: f11photo/Getty Images

Гаагадағы Халықаралық сотта төрт ел "Талибан" қозғалысын гендерлік кемсітушілік бойынша жауапқа тартпақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Канада, Аустралия, Германия және Нидерланды қазір Ауғанстанды басқарып отырған "Талибан" қозғалысына қарсы Халықаралық сотқа шағым түсірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының отырысында елдер өкілдері шешімді ресми түрде жариялады.

Басылым мәліметінше, елдердің басқа елді гендерлік кемсітушілік үшін сотқа тарту ісі Халықаралық сотта бірінші рет жүргізіліп отыр.

Іс 1979 жылы Бас Ассамблея қабылдаған және 1981 жылы күшіне енген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық формасына жою туралы конвенцияға сәйкес қаралады.

Ауғанстан бұл конвенцияны 2003 жылы "Талибан" билікке келгенге дейін бекіткені белігілі болды.

Журналистер түсіндіргендей Ауғанстанда Халықаралық сот тыңдауы өтіп, уақытша шараларды ұсынғанға дейін жауап беруі үшін алты ай уақыт бар.

"Талибан" БҰҰ сотының шешімін мойындаудан бас тартса да, бұл "Талибанмен" дипломатиялық қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге тырысатын басқа мемлекеттерге тежеуші әсер береді.

Халықаралық соттың құызіретін мойындайтын елдер оның шешімдерін орындайды деп болжанып отыр", - деді сарапшылар.

Сот процесіне қатысқан елдер Ауғанстандағы әйелдерге қатысты кемсітушілікті тоқтату үшін "Талибанмен" келіссөздер жүргізуге дайын екенін айтты.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.