Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хезболла" жаңа көшбасшысын сайлады

Жарияланған күні:

Хашем Сафи ад-Дин
Хашем Сафи ад-Дин (оң жақ шетінде отыр). Фото: Hasan Shaaban/Bloomberg via Getty Images

Хашем Сафи ад-Дин Ливандағы "Хезболла" тобының жаңа бас хатшысы болып сайланды. Тиісті шешімді Шура кеңесі қабылдады, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның арабтілді БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Сафи ад-Дин атқарушы комитеттің басшысы қызметін атқарған, ол топтың бұрынғы жетекшісі Хасан Насралланың немере ағасы және америкалық әуе соққысынан қаза тапқан Иранның "Құдс" күштерінің бұрынғы қолбасшысы Қасем Сүлейманидің күйеу баласы болып келеді.

Al Ghad басылымы бұрынғы және жаңа басшылардың арасында таңқаларлық ұқсастық бар екенін атап өтті: дене тұрпаты, бет-әлпеті және сөйлеу мәнеріне дейін ұқсайды.

Хашем Сафи ад-Дин 1964 жылы Ливанның оңтүстігіндегі Дейр-Канун ан-Нахр қаласында дүниеге келген. Ол Насралламен бірге Наджаф пен Кумда оқыған және 1982 жылы "Хезболланың" негізін қалаушылардың бірі болды.

1994 жылы Сафи ад-Дин осы уақытқа дейін бүкіл топты басқарған Насралланың орнына атқару комитетінің басшысы болды.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Насралла 2008 жылы өзі қайтыс болған жағдайда орнына туысын мұрагер ретінде қалдыруға ұсыныс жасаған.

Бұқаралық ақпарат құралдары Сафи ад-Диннің отыз жыл бойы топтың құпия істерімен айналысып, жалпы стратегияны әзірлеуді Насраллаға тапсырғанын жазады. Ол "Хезболла" ұйымының саяси, әлеуметтік, мәдени және білім беру қызметін бақылауға жауапты болды.

Еске салсақ, 28 қыркүйекте ЦАХАЛ "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралланың көзі жойылғанын хабарлады. Израиль армиясының мәліметінше, Насралла Бейрутке шабуыл кезінде қаза тапқан. Онымен бірге қозғалыстың басқа жетекшілері де қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2167401-hezbolla-zhanga-koshbasshysyn-sailady/