Қырғызстан МҰҚК басшысы қызына жүргізуші куәлігін алуға көмектескен қызметкерлерін жазалады
Жарияланған күні:
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері комитет бастығы Камчыбек Ташиевтің қызына жүргізуші куәлігін алуға көмектескені үшін жазаланды. Бұл туралы 24.kg басылымы хабарлайды.
Басылым ақпаратынша, МҰҚК түрлі дәрежедегі жеті қызметкері мемлекеттік комитет басшысының қызына жүргізуші куәлігін алуға көмектескені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде екеуіне сөгіс, үшеуіне қатаң сөгіс, тағы екеуіне толық емес қызметтік талаптар қойылды.
Бұл фактілер көлік құралдары мен жүргізушілерді тіркеу жөніндегі мемлекеттік агенттіктегі сыбайлас жемқорлық схемасын тексеру аясында белгілі болған.
Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне қатысты шара департамент төрағасы генерал-полковник Ташиевтің жеке тапсырмасы бойынша қабылданды.
Басылым ақпаратынша, ол бұған дейін көпшілік алдында сөйлеген сөзінде құқық бұзушылыққа жол берілмейтіндігін айтып, қызметкерлерді туыстары мен жақындарының ықпалына түспеуге шақырған.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аталған құқық бұзушылыққа қатысы бар басқа да лауазымды тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2167804-qyrgyzstan-muqk-basshysy-qyzyna-zhurgizushi-kualigin-aluga-komektesken-qyzmetkerlerin-zhazalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.