Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Израиль Бейрут орталығына соққы жасады: Ливан билігі алты адам қаза тапқанын хабарлады

Жарияланған күні:

Жарылыстан кейін жиналған халық пен жедел жәрдем көліктері
Ливандағы жарылыс орнына келген жедел жәрдем көліктері. Фото: Marwan Naamani/picture alliance via Getty Images

Сәрсенбі кешке Израильдің Бейрут орталығына жааған әуе шабуылынан кем дегенде алты адам қаза тапты. Бұл жөнінде Ливан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомство мәлімдемесінде 11 адам жараланғаны айтылған.

Израиль қорғаныс күштері өкілдері бұған дейін Бейруттегі "Хезболла" ұйымының нысанына дәл соққы жасағанын мәлімдеген.

Ливандық ақпарат көздерінің хабарлауынша, соққы салдарынан "Хезболлаға" тиесілі медициналық мекеме зақымданған.

Ливан астанасында жұмыс істейтін Би-би-си тілшілері қала орталығында күшті жарылыс болғанын хабарлады. Бейруттың оңтүстігінде де үш жарылыс болған, одан кейін тағы екі жарылыс тіркелген.

Тілшілер мәліметінше, қираған ғимарат Ливан парламенті мен БҰҰ-ның аймақтық штаб-пәтері маңындағы Әл-Башура ауданында орналасқан.

Израиль әскері дүйсенбі түнде Бейрут орталығына алғашқы шабуылын бастады, негізінен "Хезболла" нысандары шоғырланған қаланың оңтүстік шетіне шабуыл жасалған.

Израиль әскерилері түнде тағы да Ливан астанасының оңтүстігіндегі кейбір аудандардың тұрғындарына ЦАХАЛ оларға шабуыл жасауды жоспарлағандықтан, аумақтан кетіп қалу қажет екенін ескерткен.

"Сіздер "Хезболлаға" тиесілі нысандардың жанындасыздар, армия жақын арада оларға қарсы әрекет етеді", - деп мәлімдеді ЦАХАЛ өкілі Авихай Адраи.

Ливан Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің соққылары салдарынан соңғы тәулікте 46 адам қаза тауып, 85 адам жараланғанын хабарлады.

Сәрсенбі Израиль армиясы Ливанмен шекарада құрлық операциясы басталғанын жариялаған күннің ертеңіне ЦАХАЛ өкілі Хезболла содырларымен шайқаста алғашқы сарбазы қаза тапқанын хабарлады. Кейін сегіз сарбаз қаза болғаны айтылды.

"Хезболла" өкілі сәрсенбі ұйым жауынгерлері "қорғанысқа толық дайын екенін" және Израиль армиясымен соғысуға қару-жарағы жеткілікті екенін айтты.

Сәрсенбі таңертең Израиль қорғаныс армиясы Ливанның оңтүстігіндегі шамамен 25 ауылдың тұрғындарын эвакуациялау керек екенін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін Израиль Ливан астанасына соққы жасағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2169070-izrail-beirut-ortalygyna-soqqy-zhasady-livan-biligi-alty-adam-qaza-tapqanyn-habarlady/