jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шабуылға ұшырай жаздаған Венгрия премьер-министрін күзет қызметі құтқарып қалды (видео)

Виктор Орбан
Виктор Орбан. Фото: Pier Marco Tacca/Getty Images

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан сөз сөйлеп жатқанда шабуылға ұшырай жаздады. Премьер-министрдің күзетшілері премьер-министрге айғайлай жүгірген адамды дер кезінде ұстап үлгерді.

"Страна.ua" басылымы мәліметінше, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрларда Орбан сөз сөйлеп жатқандай айғай естіліп, ол селк ете түседі. Көк жемпір киген ер адам үстелдің қасына жетіп қалғанда, оны күзетшілер ұстап үлгерді.

"Еліңді қанша ақшаға саттың, премьер-министр? Сен оны Путинге саттың, Си Цзиньпинге саттың!" - деп айғайлады ер адам Орбанға қарай жүгіріп.

Видео соңында ер адамды сол жерден ұстап, алып кеткенін көруге болады.

РБК мәліметінше, тәртіп сақшылары ұстап алған ер адам "Демократиялық коалиция" жастар коалициясының мүшесі және Эрьзя муниципалитетінің депутаты Мартин Гекички болып шыққан.

УНИАН басылымының жазуынша, Гекичкидің әрекетін Венгрияның бұрынғы премьер-министрі, "Демократиялық коалицияның" жетекшісі Ференц Дьюрчань қолдаған.

"Айтарымызды айттық: біз әрдайым және барлық жерде бүгінде Венгрияда сатқын үкімет бар деп айтып жүрміз", - деді Дьюрчань.

Шабуылға ұшырай жаздаған Венгрия премьер-министрін күзет қызметі құтқарып қалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.