jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Желіде Түркиядағы жер сілкінісі кезінде тікелей эфирде болған жүргізушілердің реакциясы тарады

Жер сілкінген сәт
Жер сілкінген сәт: telegram.org/rian_ru

Түркияның шығысындағы күшті жер сілкінісі кезінде бірнеше телеарнаның жүргізушілері тікелей эфирде жұмыс істеген. Олардың жер сілкінісіне реакциясы желіде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Түркияның шығысында магнитудасы 6,1-ге тең күшті жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі болған сәт жергілікті телеарналардан көрсетілді. Видеоны TRT Haber телеарнасы әлеуметтік желіде жариялады.

Жүргізушілердің бірі тікелей эфирді үзген жоқ. Видеоның басында ол сабыр сақтап, мәтінді оқып шықты, содан кейін сөзін үзіп, студияда не болып жатқанын бақылап тұрған.

"Қорқынышты, әлі де жалғасып жатыр. Достар, бәлкім титрларды қосамыз?" - деп келтірді оның сөзін РИА Новости.

Осы кезде кадр сыртынан әйелдердің айғайлаған дауысы естіледі, студиядағы құрал-жабдықтар сілкіне бастайды.

Жер сілкінісі кезінде басқа жергілікті телеарнаның жүргізушісі де эфирде болған. Жер сілкінісі басталғанын түсінген ол үстелдің астына тығылып, дұға ете бастады, содан кейін кадр сыртынан жүргізушінің әріптестерінің айқайы естілді.

Желіде Түркиядағы жер сілкінісі кезінде тікелей эфирде болған жүргізушілердің реакциясы тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.