jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Макрон Израильді Газа мен Ливандағы операцияларын тоқтатуға шақырды

Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Christian Liewig-Corbis/Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Израильден Газа мен Ливандағы операцияларын тоқтатуды сұрады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

Франция президенті Израильді саяси диалог құруға шақырды.

"Франция Израильден Ливандағы әскери операцияларын тоқтатуды, жердегі операцияны бастамауды және елдің егемендігін, сондай-ақ БҰҰ алдындағы, атап айтқанда UNIFIL бітімгерлеріне қатысты міндеттемелерін құрметтеуді сұрайды", - деді Макрон.

Макронның айтуынша, ХАМАС басшысы Яхья Синвардың қаза болуы соғысты тоқтатуға мүмкіндік болуы керек.

"Әскери операцияларды, Газада атысты тоқтату келісімін қабылдап, израильдіктер мен палестиналықтарға сенімді саяси перспектива ашу керек", - деп жазды Франция президентінің сөзін жариялаған басылым.

Еске салайық, кеше, 17 қазанда ХАМАС саяси бюросының басшысы Яхье Синвардың қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол Газадағы Израиль әскері операциясы кезінде қаза болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Свежая публикация по теме:
Ердоған Израильдің әрекетін қатаң сынға алды

Кейін Израиль қорғаныс күштері палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Яхья Синвардың жойылғанын ресми түрде растады. Израиль Сыртқы істер министрі де осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін АҚШ президенті Джо Байден Газадағы ХАМАС жетекшісі Яхья Синвар өлтірілген операциядан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға телефон соғып, құттықтады.

ХАМАС жетекшісі Синвар қаза болғаннан кейін "Хезболла" Израильмен қақтығыстың жаңа кезеңіне өткенін мәлімдеді.

Макрон Израильді Газа мен Ливандағы операцияларын тоқтатуға шақырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.