jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Харрис Трампты ең төменгі жалақыны көтеруді қолдаудан бас тартқаны үшін сынға алды

Дональд Трамп пен Камала Харрис
Дональд Трамп пен Камала Харрис. Фото: Saul Loeb/AFP via Getty Images

АҚШ вице-президенті, Демократиялық партиядан президенттікке үміткер Камала Харрис Мичиганда сөйлеген сөзінде Дональд Трампты сынға алды. Бұл туралы "РИА Новостиге" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Харрис сайлау науқаны аясында сөз сөйледі.

Бір шарада саясаткер бұрынғы президент және республикалық партиядан президентікке үміткер Дональд Трампты ең төменгі жалақыны көтеруді қолдаудан бас тартқаны үшін сынап, бұл бастаманың миллиондаған америкалық үшін маңызды екенін атап өтті.

"Дональд Трамп екеуіміздің арамызда көптеген айырмашылық бар, соның ішінде осы мәселе де бар. Мен ең төменгі жалақыны көтеру керек екеніне сенімдімін. McDonald 's немесе басқа жерде болсын, жұмысшылар өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін жағдайларда өз отбасын және өзін қамтамасыз ете алуы керек", - деді Харрис.

Ол сондай-ақ оның қарсыласы әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасына теріс қарайтынын атап өтті.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

Харристің пікірінше, Трамп жұмыс істейтін америкалықтардың қажеттілігін түсінбейді.

Харрис Трампты ең төменгі жалақыны көтеруді қолдаудан бас тартқаны үшін сынға алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.