jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: JIM WATSON/AFP

Бүгін, 20 қаңтарда Вашингтонда өткен инаугурацияда Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде ант беріп, төртжылдық қызметіне кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа сайланған Дональд Трамп Ақ үйге оралды. Ол ант қабылдап, ресми түрде АҚШ-тың 47-президенті ретінде қызметіне кірісті.

Трамп қабылдаған анттың мәтіні мынадай:

"Мен Америка Құрама штаттары президентінің міндеттерін орындауға және АҚШ Конституциясын қорғауға ант етемін".

Сонымен бірге вице-президент Джей Ди Вэнс те ант беріп, қызметіне кірісті.

Еске салсақ, президент қызметіне Трамп екінші рет сайланып отыр. Бұған дейін ол 2017 және 2021 жылдары АҚШ президенті болған.

Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.