Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израиль тарабы Насралланың "Хезболладағы" ізбасары өлтірілгенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Хашим Сафи ад-Дин
Хашим Сафи ад-Дин. Фото: Courtney Bonneau/Getty Images

Израиль қорғаныс күштері өкілдері Насралланың "Хезболладағы" ізбасары делінген Хашим Сафи ад-Диннің көзі жойылғанын мәлімдеді. Ол 4 қазандағы соққы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды The Times of Israel басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Израиль қорғаныс күштері 4 қазандағы соққыдан "Хезболланың" атқарушы кеңесінің басшысы әрі ұйымның бұрынғы бас хатшысы Хасан Насралланың ізбасары ретінде саналған Хашим Сафи ад-Диннің қаза болғанын ресми түрде растады.

Әскерилердің мәліметінше, Сафи ад-Дин лаңкестік топтың барлау бөлімінің басшысы Хусейн Әли Хазимамен бірге 4 қазандағы соққы кезінде өлтірілген.

Басылым мәліметінше, соққы нысанасы "Хезболланың" Бейруттегі астыртын барлау штабы болған. Ол жерде соққы кезінде "Хезболланың" барлау бөлімшесінің 25-тен астам мүшесі болған.

Алайда "Хезболла" өкілдері Сафи ад-Диннің қаза тапқанын әлі ресми мәлімдемеген.

Еске салсақ, 28 қыркүйекте ЦАХАЛ "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралланың көзі жойылғанын хабарлады. Израиль армиясының мәліметінше, Насралла Бейрутке шабуыл кезінде қаза тапқан. Онымен бірге қозғалыстың басқа жетекшілері де қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір БАҚ-та Хашим Сафи ад-Дин Ливандағы "Хезболла" тобының жаңа бас хатшысы болып сайланды деген ақпарат тараған болатын.

Алайда көп ұзамай "Хезболла" ұйымы өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2177699-izrail-taraby-nasrallanyng-hezbolladagy-izbasary-otirilgenin-malimdedi/