jitsu gif branding logo appbranding logo app

Зеленский "make Russia small again" деген жазуы бар футболка киіп, үндеу жасады (видео)

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Видеодан кадр: t.me/OP_UA

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа кезекті үндеуін жасады – кадрда Украина басшысы арандатушылық жазуы бар футболка киіп отырғанын байқауға болады.

23 қазан кешке Украина президенті кеңсесінің Telegram-дағы арнасында Зеленскийдің дәстүрлі кешкі үндеуі жарияланды.

Украина президентінің "make Russia small again" (Ресейді қайтадан кішірейтейік) деген жазуы бар футболкасы көпшіліктің назарын аударды.

Онда 1462 жылы Мәскеу, Суздаль және Вологда кірген Мәскеу княздігінің картасы бейнеленген.

Зеленскийдің көпшілік алдына мұндай киіммен шығуы Ресей Сыртқы істер министрлігінің назарынан тыс қалмаған. Бұл туралы Ресей сыртқы істер ведомствосының ресми өкілі Мария Захарова Telegram-дағы арнасында жазба жариялады.

"Қандай кішкентай? КСРО? Ресей империясы? О, түсіндім! Киев Русі сияқты. Ол үшін бізге Киев керек", - деп жазды ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.