jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды

Ауғанстан
Ауғанстан. Көрнекі фото: NOORULLAH SHIRZADA/AFP via Getty Images

Ауғанстанда әйелдерге тек ерлермен ғана емес, әйелдермен де көпшілік алдында сөйлесуге тыйым салынды. Бұл туралы тәліптердің ізгілік министрі Халид Ханафи мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BILD басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Халид Ханафидің мәлімдемесіне сәйкес, ауған әйелдеріне қоғамдық орындарда бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынған.

Сонымен қатар әйелдерге басқа әйелдердің дауысын естуге тыйым салынды. Сондықтан әйелдер де басқа әйелдердің алдында Құранды дауыстап оқудан аулақ болғаны жөн екені айтылған.

Еске салайық, тамыз айының соңында Ауғанстанда тәліптер жаңа заңдар қабылдады, оған сәйкес енді әйелдерге қоғамдық орындарда дауыстап бірдеңе айтуға және үйден тыс жерде жүздерін көрсетуге тыйым салынды. "Әйелдің дауысы қоғамдық орындарда естілген кезде "шектен шығу" болып саналады", деп хабарлады елдің ізгілікті насихаттау министрлігі.

Талибан бірнеше рет әйелдерге арналған әртүрлі әрекеттерге тыйым салды, атап айтқанда, 2022 жылдың желтоқсанында оларға мектепке баруға тыйым салынды.

Кейінірек Талибан Ауғанстандағы шаштараздар мен сұлулық салондарын жабуға бұйрық беріп, 2022 жылғы шілде ортасында әйелдерге ұлттық университеттерге түсу емтихандарын тапсыруға тыйым салды.

Қыркүйек айында төрт елдің Талибан қозғалысын гендерлік кемсітушілік үшін Гаагадағы халықаралық сотта жауапқа тартуға ниетті екені хабарланған болатын. Осылайша Канада, Австралия, Германия және Нидерланды елдері қазір Ауғанстанды басқарып отырған Талибан қозғалысына қарсы сотқа шағым түсірді.

Ауғанстанда әйелдерге бір-бірімен сөйлесуге тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.