"Хезболла" ұйымын кім басқаратыны белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском"Хезболла" ұйымының заң шығарушы кеңесі Наим Қасемді жаңа бас хатшы етіп сайлады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Наим Қасем бұған дейін "Хезболла" бас хатшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
"Хезболланың" заң шығарушы кеңесі шейх Наим Қасемді қозғалыстың жаңа бас хатшысы етіп сайлады, ол біздің туымызды көтеруді жалғастырады", - деп келтіреді басылым қозғалыс мәлімдемесін.
Еске салайық, 27 қыркүйекте Израиль армиясы Бейруттің оңтүстігіндегі халық көп шоғырланған Дахия ауданына зымыранмен шабуылдар жасады, онда "Хезболла" ұйымының негізгі басқару орталықтарының бірі орналасқан.
Ал 28 қыркүйекте ЦАХАЛ "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралланың көзі жойылғанын хабарлады. Израиль армиясының мәліметінше, Насралла Бейрутке шабуыл кезінде қаза тапқан. Онымен бірге қозғалыстың басқа жетекшілері де қайтыс болды.
Айта кетейік, бұған дейін кейбір БАҚ-та Хашим Сафи ад-Дин Ливандағы "Хезболла" тобының жаңа бас хатшысы болып сайланды деген ақпарат тараған болатын.
Алайда көп ұзамай "Хезболла" ұйымы өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.
23 қазанда Израиль қорғаныс күштері өкілдері Насралланың "Хезболладағы" ізбасары делінген Хашим Сафи ад-Диннің көзі жойылғанын мәлімдеді. Әскерилердің мәліметінше, Сафи ад-Дин лаңкестік топтың барлау бөлімінің басшысы Хусейн Әли Хазимамен бірге 4 қазандағы соққы кезінде өлтірілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2180135-hezbolla-uiymyn-kim-basqaratyny-belgili-boldy/