jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Трамптың сайлауалды кампаниясы өкілдері Харристі "мүлдем дәрменсіз" деп атады

Камала Харрис
Камала Харрис. Фото: Kevin Dietsch / Getty Images

Дональд Трамптың сайлауалды штабы өкілдері қарсыласы Камала Харристі зауытқа барған кездегі мінез-құлқына байланысты "мүлдем дәрменсіз" деп атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Америкалық New York Post газетінің сайтының хабарлауынша, дүйсенбіде вице-президент Камала Харрис Мичигандағы зауытта болды.

Зауытта пластикалық пленкамен жабылған кремнийдің бөлігінің қасына келіп Харрис оған қол тигізуге бола ма деп сұрады. Вице-президентке экскурсия жасап жүрген жұмысшы бірден кремнийге қол тигізбеу керек деп жауап берді.

"Мен сұрағаныма қуаныштымын", - деп жауап берді Харрис.

"Бұлар өте өткір", - деген тағы бір жұмысшы. Бұған вице-президент әзілдеп: "Тамаша" деп жауап берді.

Трамп командасының X әлеуметтік желісындегі парақшасында осы эпизодтың видеосын жариялап, ол Камала Харристің әрекетін мүлдем "дәрменсіз" деп сипаттады ("she's totally helpless")

Айта кетейік, АҚШ президенттігіне үміткерлер сайлау қарсаңында бір-біріне қатысты жағымсыз мәлімдемелер жасап тұрады.

Мысалы АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің қарсыласы Камала Харристі демократияға қауіп төндіретін және тарихтағы ең нашар вице-президент деп атады.

Трамптың сайлауалды кампаниясы өкілдері Харристі "мүлдем дәрменсіз" деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram