jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Байден Трамптың жақтастарын "қоқыс" деп атады

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Eva Marie Uzcategui/Bloomberg via Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Zoom желісіндегі бейнеконференция барысында Дональд Трамптың сөзіне түсінік бере отырып, республикашылдың жақтастарын "қоқыс" деп атады. Бұл туралы Fox News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден бұл мәлімдемені Voto Latino құқық қорғау ұйымы ұйымдастырған бейнеконференция барысында Трамптың АҚШ демократиялық әкімшіліктің миграциялық саясатының арқасында әлем үшін қоқыс алаңына айналғаны туралы сөзіне түсінік берген кезде айтқан.

"Мен көріп тұрған жалғыз қоқыс – оның жақтастары", - деді Джо Байден бейнеконференция барысында.

Бұл видео желіде тез тарап, Трамп жақтастары арасында ғана емес, жалпы америкалықтар арасында наразылық толқынын тудырды.

Трамптың өзі де Пенсильвания штатының Аллентаун қаласында өткен митингте сөйлеген сөзінде бұл мәлімдемеге жауап қатты.

"Оны (Байденді – ред. ескертпесі), өтініш, кешірулеріңіз керек. Өтінемін, оны кешіріңіздер. Өйткені ол не айтып, не қойғаны білмейді", - деді Дональд Трамп.

Свежая публикация по теме:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

"Ол Камаладан гөрі мені ұнататынына сенімдімін", - деп әзілдеді Трамп.

Оқырмандар мен көрермендер АҚШ президентінің шын мәнінде не айтып жатқанын түсінуі үшін Ақ үй кейінірек Джо Байден айтқан сөздің стенограммасын ұсынды.

Осыдан кейін Байденнің өзі де X әлеуметтік желісінде жазба жазып, айтқан сөзін жоққа шығару арқылы жағдайды түзетуге тырысты. Ол "қоқыс" дегенде Трамптың митингілерінің бірінде естіген жеккөрінішті сөздерді меңзегенін атап өтті.

Байден Трамптың жақтастарын "қоқыс" деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.