jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Садыр Жапаров Қырғызстан әнұранын өзгерту бастамасын қолдады

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: president.kg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік әнұранды өзгерту бастамасын қолдады. Бұл туралы ел басшысы жергілікті ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды 24.kg басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Қырғызстан президенті қазіргі әнұран өзектілігін жоғалтқандықтан өзгерту қажет деп санайды.

"Неге жаңартпасқа? Қазіргі әнұран 33 жыл бұрын тәуелсіздікке, азаттыққа қол жеткізген кезде, қырғыз халқына үндеу тастап: "Енді сенің тағдырың қолыңда, алға" деп қуанышпен жазылған. Содан бері 33 жыл өтті. Біз толыққанды мемлекет болдық. Бүкіл әлемге танылдық. Ендеше, жүз жылдан кейін де "Бостандық алып, тәуелсіз ел атандық" деп әндетіп жүреміз бе", - деді президент.

Жапаров Қырғызстанның тәуелсіз мемлекет ретінде ел мәртебесін көрсететін әнұран жазуды ұсынды.

"Әрине, қазіргі Әнұран тарихтың бір бөлігі ретінде сақталады, ұмытылмайды. Туды өзгертуге келгенде қарсы шыққан демагогтар мен популистер болды. Қазіргі туымыздың несі жаман? Бұрынғымен салыстырғанда бір саты жоғары болды. Жарқырап тұрады", - деген Қырғызстан басшысы.

Алайда жергілікті басылым жазғандай, Садыр Жапаров мұның өзекті емес екенін айтып, әнұранды өзгертудің нақты мерзімін белгілемеген.

"Әнұранды шығармашылық адамдар, композиторлар, ақындар жазуы керек, оны көпшілік қолдаса, мектеп оқушылары да, үлкендер де шырқаса, қандай тамаша болар еді. Әнұранды мерекелерде, концерттерде неге айтпасқа? Әнұран мемлекетімізді асқақтатып, азаматтарды отансүйгіштікке, бірлікке шақыруы керек", - деді ел басшысы.

Басылымның жазуынша, әнұранды өзгерту идеясын бұған дейін Жогорку кенеш спикері Нұрланбек Шәкиев айтқан.

Қырғыз Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы ел президентінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің 1992 жылғы 18 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген.

Садыр Жапаров Қырғызстан әнұранын өзгерту бастамасын қолдады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.