jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Испанияда су тасқынынан қаза тапқан адамдар саны 500-ден асуы мүмкін

Испаниядағы су тасқыны
Испаниядағы су тасқыны. Фото: Anadolu/Getty Images

Бейресми ақпарат көздері испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша "Дана" торнадосы, ірі су тасқынынан қаза тапқандар саны 500-ден асуы мүмкін.

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. El Español сайтындағы мәлімет бойынша табылған мәйіттер "фургондарда тасымалданып жатыр" деп хабарлайды. Олардың көпшілігі әлі анықталған жоқ, із-түссіз жоғалғандар тізімінде тұрғандардың туыстары қалалық әкімшілік ғимаратының сыртында кезекке тұрған.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесі өзекті: сот ғимаратында орындар жеткіліксіз, деп жазады мақала авторлары. Қаза тапқандар мен зардап шеккендерді іздеумен айналысып жатқан бейресми дереккөздер құрбандардың саны жақын арада 500-ге жетеді деп отыр.

Испаниядағы төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, әлі де су басқан жерлер көп, ол жерлерде де қаза болғандар табылуы мүмкін.

"Соңғы мәліметтер бойынша 207 зардап шеккен адам тіркелді. Із-түзсіз жоғалғандардың санын нақты анықтау мүмкін емес. 1900 із-түзсіз жоғалғандар туралы деректер бар: бұл адамдар туыстарын таба алмай жатқаны туралы хабарламалармен қоңыраулар саны, бірақ қоңыраулардың негізгі саны байланыс үзілуінен болғаны белгілі. Сонымен қатар туыстарын тапқан адамдар бұл туралы хабарламауы мүмкін", - деді Испанияның ішкі істер министрі Фернандо Гранде-Марласка.

Испанияда су тасқынынан қаза тапқан адамдар саны 500-ден асуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.