RU
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

АҚШ-тағы президент сайлауы: штаттарда дауыс беру учаскелері ашылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дауыс беру
Дауыс беру. Көрнекі фото: Martin Bertrand/EyeEm/Getty Images

Бүгін, 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтіп жатыр. Бүкіл ел бойынша дауыс беру учаскелері ашылды. Бұған дейін кей азаматтар мерзімінен бұрын дауыс беруді таңдаған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін америкалықтар АҚШ президенттігіне үміткерлердің біріне дауыс береді. Елдің түкпір-түкпірінде сайлау учаскелері ашылды.

The Telegraph басылымының жазуынша, әр штатта дауыстарды санау тиісті сайлау учаскелері жабылғаннан кейін жүргізіледі. Дауыс беру учаскелері әдетте жергілікті уақыт бойынша сағат 7-де жабылады.

Айта кетейік, бұл АҚШ-тағы 60-шы президенттік сайлау. Бүгін АҚШ-тың 47-ші президенті кім болатыны белгілі болады.

BBC орыс қызметінің мәліметінше, соңғы сауалнама бойынш демократ Камала Харристің бұрынғы президент Трамптан 4 пайызға озып тұрғанын көрсетті.

Бұған дейін АҚШ-та мерзімінен бұрын дауыс беру басталды. 70 миллионнан астам мерзімінен дауыс бергені хабарланған еді. Дегенмен сарапшылар американдықтардың көпшілігі сайлауға қатысуды жөн санайтынын атап өтті.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-президенті атанды

Айта кетейік, Харрис пен АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден де алдағы сайлауда дауыс беріп үлгерді. Айтпақшы, дауыс беру үшін АҚШ президентіне 37 минут кезекте тұруына тура келді.

Камала Харрис АҚШ-тағы президент сайлауында пошта арқылы дауыс берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2183307-aqsh-tagy-prezident-sailauy-shtattarda-dauys-beru-uchaskeleri-ashyldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif