jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Капитолий
Капитолий. Фото: David McNew/Getty Images

АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі 2025 жылғы 20 қаңтарда Вашингтондағы Капитолий ғимаратының алдында өтеді. Бұл жөнінде Fox News арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, осы күні жүргізілетін бейресми дәстүрлерінің қатарында жаңа сайланған президенттің Пенсильвания авенюімен шеру бағыты бойынша (Капитолий мен Ақ үй арасында) серуендеу рәсімі бар.

Мұндай серуенге 1977 жылы тұңғыш шыққан президент Джимми Картер болған.

Америка Құрама Штаттарында, жергілікті телеарнаның хабарлауынша, ұлықтау рәсіміне дайындық басталып кеткен – заң шығарушылар ағаш жақтауға алғашқы шегелерді қағып жатыр.

Вашингтонның ресми туристік сайтындағы мәлімет бойынша, әр 4 жыл сайын АҚШ президентін ұлықтау рәсіміне куә болып, қатысуға болады. Алдағы ұлықтау рәсімі 2025 жылғы 20 қаңтарда АҚШ Капитолийінің батыс жақ көгалында өтеді.

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 5 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де және жергілікті уақыт бойынша 06:00-де басталды. Бұл сайлау ел тарихындағы 60-президент сайлауы болып отыр. АҚШ-та 47-президент сайланады.

АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері жарияланды.

Бұған дейін АҚШ-та дауыс беру басталғанын, Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді екенін хабарлаған едік.

АҚШ-тың келесі президентін ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.