Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ-та дауыс беру басталды: Трамп та, Харрис те жеңіске жететініне сенімді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дональд Трамп и Камала Харрис
Дональд Трамп и Камала Харрис. Фото: Saul Loeb/Getty Images

Америка Құрама Штаттарында миллиондаған азамат президенттік сайлауда дауыс бере бастады. Екі кандидаттың да рейтингтері бір-біріне жетеғабыл. Демократ Камала Харрис пен республикашыл Дональд Трамп дүйсенбі кешке дейін сайлау науқанын жалғастырды, екі кандидат да жеңіске жететініне сенімді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Байден мен Трамп билікті тапсыру жөніндегі келісімге қол қойды

Америка Құрама Штаттарындағы сайлау учаскелері Оңтүстік Америка шығыс бөлігінің стандартты уақыты 05:00 (GMT 10:00, Мәскеу уақыты бойынша 13:00) ашылды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де (GMT 23:00, Мәскеу уақытымен 02:00) аяқталады. Соңғы штаттар дауыс беруді жергілікті уқыт бойынш 01:00-де (GMT 06:00, Мәскеу уақытымен 09:00) аяқтайды.

Харрис пен Трамп арасындағы алшақтық өте аз болғандықтан, біз бірнеше күн бойы сайлау нәтижелерін білмеуіміз мүмкін. Дегенмен бәрі тез анықталып, жеңімпаздың есімі дауыс беру аяқталғаннан кейін бірнеше сағат ішінде жариялануы да мүмкін.

Бүкіл әлем АҚШ-тағы сайлауды бақылап отыр, бірақ ол әсіресе Ресей-Украина соғысы үшін маңызды болуы ықтимал. Трамп жеңіске жеткеннен кейін оны 24 сағат ішінде аяқтай алатынын алға тартады, бірақ ол мұны нақты қалай іске асыруға ниетті екенін айтпайды. Сонымен қатар Харрис Киевке қолдау көрсетуді жалғастыруға және оның жеңіске жетуіне қажеттінің бәрін жасауға уәде берді.

Алдын ала сауалнама нәтижелеріне қарағанда, Харрис АҚШ-тың тұрғындары арасында танымалдылығы бойынша Трамптан сәл озып тұр, бірақ бұл сайлаудың тағдыры ұлттық деңгейде емес, штат бойынша шешіліп жатыр.

Әлеуметтанушылардың пікірінше, Трамп Невада, Джорджия, Солтүстік Каролина және Аризона штаттарындағы бәсекелесінен алда, ал Харрис Висконсин мен Мичигандағы сауалнама нәтилері бойынша көш бастады. Пенсильванияда екі кандидатқа берілген дауыс саны бірдей.

Бірақ бүгін америкалықтар президентті ғана емес, Конгресстің екі палатасының мүшелерін де сайлайды. Қазіргі уақытта Конгресстің төменгі палатасында республикашылдар, ал сенатта демократтар басымдыққа ие. Пікір білдіру сауалнамасы бойынша төменгі палатала демократияшылдар, ал жоғарғы палатада республикашылдар көп болады деп болжанды.

Харрис де, Трамп та жеңіске жететініне сенім білдірді – олар бұл жөнінде дүйсенбі күні кешке дейін созылған сайлау науқанында, митингілерде айтты.

Трамп Мичиган штатының Гранд-Рапидс қаласында жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2-ден кейін сөзін аяқтады. Ол экономика, миграция турралы айтып, Камала Харристі сынға алды.

"Менің ойымша, біз Мичиганды жеңеміз деп ойлаймын. Сіздің даусыңыз Американы құтқаруға көмектеседі, бағаны төмендетеміз, жалақыны көтереміз", - деді Трамп.

Харрис әйелдер мен жастарға сенім артып отыр.

Харристің жақтастары дауыс беру алдында бірнеше күнде олардың кандидаты, әсіресе, әйелдерді қолдау мәселесінде өз ұстанымын нығайтқанын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2183354-aqsh-ta-dauys-beru-bastaldy-tramp-ta-harris-te-zhengiske-zhetetinine-senimdi/