jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

АҚШ-тағы президент сайлауы: "құбылмалы" штаттарда Трамп алда келеді

Дональд Трамп
Танцующий Дональд Трамп. Фото: Rebecca Noble/Getty Images

Алдын ала мәліметтер бойынша, республикашылдар атынан сайлауға түскен Дональд Трамп "құбылмалы" штаттарда алда келеді. Қарсыласы Харрис те оның өкшесін басып келеді.

Нақты уақытта қанша дауыстың саналғанын көрсететін Fox News арнасының хабарлауынша, Астана уақыты бойынша 10:09-дағы жағдай бойынша Трамп "құбылмалы" штаттарда көбірек дауыс жинаған.

Осылайша Пенсильванияда республикашылдар 50,96 пайыз дауыс жинады. Көрсеткіштер мынадай:

  • Джорджия – 50,78 пайыз;
  • Солтүстік Каролина – 50,81 пайыз;
  • Мичиган – 52,15 пайыз;
  • Аризона – 49,85 пайыз;
  • Висконсин – 51,19 пайыз.

Невадада дауыстар әлі саналған жоқ.

Ал демократтар пессимизмге ұшырады. Камала Харрис науқанының директоры Джен О'Мэлли Диллон қызметкерлерге жарыстың тез шешілетінін күтпейтінін айтты. Дегенмен ол вице-президенттің әлі де мүмкіндігі бар деп есептейді, деп хабарлайды CNN.

Агенттік мәліметінше, жалпы жағдайға келетін болсақ, Трамп 230 дауыс, Харрис 182 дауыс жинаған. Жеңіске жету үшін кандидат кемінде 270 дауыс жинауы керек, деп хабарлайды CNN.

Ал Fox News мәліметінше, демократтарда 216, оның қарсыласында 232 дауыс бар.

АҚШ-тағы президент сайлауы: "құбылмалы" штаттарда Трамп алда келеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.