Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамптың жеңісі: ол америкалықтарды қалай сендіре алды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Jim Watson / AFP via Getty Images

Дональд Трамп Американың саяси тарихына оралды. Ақ үйден кеткеннен кейін төрт жыл өткен соң миллиондаған америкалықтар Трампқа тағы бір мүмкіндік берді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Еуропалық дипломатия басшысы көптің алдында Трампты сынға алды

Бұл науқан да тарихта қалды: Трамп екі қастандықтан аман қалды, ал оның қарсыласы, қазіргі президент Джо Байден сайлау күніне бірнеше ай қалғанда президенттікке үміткерліктен бас тартты.

Дауыстар әлі есептеліп жатыр, бірақ Американың негізгі штаттарының тұрғындары Трампқа артықшылық беріп, бұл таңдаудың басты себебі ретінде экономика мен миграция мәселелері деп атады.

Трамп үшін бұл күйрегеннен кейінгі жеңіс. Ол Байденнен жеңілген 2020 жылғы президенттік сайлаудың нәтижелерін қабылдаудан бас тартты.

Трампқа 2021 жылғы 6 қаңтарда Капитолийге шабуыл жасауға шақырды деген айып тағылды. Және ол АҚШ тарихындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін кінәлі деп танылған алғашқы президент болды.

Трамп несімен таңғалдырды

Трамптың неліктен адамдарда әртүрлі эмоциялар тудыратынын түсіну қиын емес.

Бүкіл сайлауалды науқанында ол саяси қарсыластарына өте қатал болды, оларға дөрекі әзілдер айтып, кек алу қаупін төндірді.

Трамптың экономика туралы сөздері адамдарға түсінікті болды.

Трампқа келетін болсақ, бейтарап ұстанымда қалатындар өте аз.

Олар үшін Трамптың барлық митингілерінде қойған сұрағы әлдеқайда маңызды болды. "Қазір сіздің өміріңіз екі жыл бұрынғыға қарағанда жақсы ма?"деп сұраған ол.

Дональд Трампқа дауыс бергендердің көпшілігі оның экономика жақсы жағдайда болады дегеніне сенген. Инфляцияның өсу себептері негізінен ковид-пандемия сияқты сыртқы факторларға байланысты болса да, сайлаушылар бұған қазіргі әкімшілікті айыптады.

Америкалықтарды Байденнің президенттігі кезінде рекордтық деңгейге жеткен заңсыз көші-қон мәселесі де қатты алаңдатады. Адамдар шекара қауіпсіздігін анағұрлым тиімдірек етуді сұрады.

Көптеген сайлаушыға Трамптың сайлауалды науқанындағы тағы бір ұраны қатты ұнаған: "Алдымен Америка". Елдің түкпір-түкпіріндегі адамдардан Украинаға көмектесуге миллиардтаған доллар жұмсалып жатқаны туралы шағымдарды естідім, олар соны АҚШ қажеттіліктеріне жұмсаса әлдеқайда жақсы болады дегенді айтқан.

Дональд Трамп бірінші президенттік мерзімінде барлық жоспарын жүзеге асыра алмады. Енді екінші президенттік мандатында Америка мен әлемге өзінің шын мәнінде неге қабілетті екенін көрсетуге дайын екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2184083-tramptyng-zhengisi-ol-amerikalyqtardy-qalai-sendire-aldy/