Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нетаньяху алғаш рет Ливандағы пейджер жарылыстарына Израильдің қатысы бар екенін мойындады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Биньямин Нетаньяху
Биньямин Нетаньяху. Фото: Abir Sultan / Pool / AFP / Getty Images

Беньямин Нетаньяху министрлер кабинеті отырысында Ливандағы пейджер жарылыстарына Израильдің қатысы бар екенін алғаш рет мойындады. Бұл KAZ.NUR.KZ The Times of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Байден Гаага сотының Израиль премьерін тұтқындау туралы шешімін айыптады

Ливан бойынша қыркүйек айының ортасында мыңдаған пейджер мен рациялар жарыла басталды. Ол кезде Израиль болып жатқан оқиғаға қатысы жоғын мәлім еткен болатын.

Алайда кеше, 10 қарашада Нетаньяху мұның Израиль операциясы екенін мойындады.

"Пейджер операциясы мен "Хезболла" жетекшісі Хасан Насралланың көзін жою жоғары деңгейдегі қорғаныс шенеуніктері мен саяси эшелондағы оларға жауаптылардың қарсылығына қарамастан іске асырылды", - деді Нетаньяху.

Басылым қорғаныс ведомствосындағы шенеуніктердің қарсылығы туралы айтқанда, Нетаньяху жақында жұмыстан босатылған қорғаныс министрі Йоав Галлантты меңзегенін атап көрсетеді.

Басылымның мәліметінше, Нетаньяху мен Галлант үкіметте бірлесіп қызмет атқарған кезде бірнеше рет жанжалдасқан. 2023 жылғы наурызда Нетаньяху сол кездегі қорғаныс министрі сот реформасы процесін кідіртуге шақырғаннан кейін бір күннен кейін Галлантты жұмыстан шығарды. Ол мұны ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретінімен түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2185503-netaniahu-algash-ret-livandagy-peidzher-zharylystaryna-izrailding-qatysy-bar-ekenin-moiyndady/