Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ХАМАС Яхья Синвардың өлімін растады

Жарияланған күні:

Яхья Синвар
Яхья Синвар. Фото: Majdi Fathi/NurPhoto via Getty Images

ХАМАС өкілдері топ жетекшісі Яхья Синвар қайтыс болғанын растады. ХАМАС cаяси бюро басшысы Газадағы ЦАХАЛ операциясы кезінде қаза тапқан. Бұл туралы Al Jazeera-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Таяу Шығыстағы жағдай: Ливаннан 41 қазақстандық эвакуацияланды

Телеарнаның хабарлауынша, ХАМАС Газа секторында Израиль әскерлері Яхья Синварды өлтіргенін растайтын мәлімдеме жасады.

Еске салайық, кеше, 17 қазанда ХАМАС саяси бюросының басшысы Яхья Синвардың қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол Газадағы Израиль әскері операциясы кезінде қаза болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Кейін Израиль қорғаныс күштері палестиналық ХАМАС қозғалысының басшысы Яхья Синвардың көз жойылғанын ресми түрде растады. Израиль Сыртқы істер министрі де осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

Кейін АҚШ президенті Джо Байден Газадағы ХАМАС жетекшісі Яхья Синвар өлтірілген операциядан кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға телефон соғып, құттықтады.

ХАМАС жетекшісі Синвар қаза болғаннан кейін "Хезболла" Израильмен қақтығыстың жаңа кезеңіне өткенін мәлімдеді.

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуроодақ саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Израильден Газа мен Ливандағы операцияларын тоқтатуды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176079-hamas-iahia-sinvardyng-olimin-rastady/