jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Маск Ақ үйдің Ресейге қатысты шешіміне пікір білдірді

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Apu Gomes/Getty Images

Америкалық миллиардер Илон Маск АҚШ президенті Джо Байденнің Украинаға қашыққа ұшатын зымырандарды Ресей аумағында пайдалануға рұқсат беруіне қатысты пікір айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұған дейін CNN телеарнасы Байденнің Украинаға қашыққа ұшатын америкалық қаруларды Ресей аумағында пайдалануға рұқсат бергенін хабарлаған еді. Ақ үй мұндай шешімді Мәскеудің Ресейдің оңтүстігіндегі Курск өңіріне 50 мыңға жуық жауынгер жіберуінен кейін қабылдаған.

Маскқа тиесілі X әлеуметтік желісін қолданушылардың бірі биліктің шешіміне қатысты пікір қалдырып, "либералдар соғысты жақсы көреді" деп жазды.

"Шындық", - деп жауап қатты Маск X әлеуметтік желісінде.

Айта кетерлік бір жайт, АҚШ әкімшілігі әзірге мұндай шешім қабылданғанын ресми түрде жариялаған жоқ. Алайда Украина президенті Владимир Зеленский мәліметті ашық растамаса да, "зымырандар өзі-ақ жауап береді" деп мәлімдеген.

Свежая публикация по теме:
Зеленский Аляскадағы саммиттен кейін Трамппен сөйлесті

Бұл уақытта президент қызметіне жақында сайланған Дональд Трамп өкілдерінің бірі Байдан әкімшілігінің шешіміне пікір білдірді. Оның айтуынша, Трамп билікке келген соң өзіне дейінгі президенттің америкалық қаруды Ресей аумағында пайдалану жөніндегі шешімін қайта қарауы мүмкін.

Президент сайлауынан кейін Байден әкімшілігі Трамп билікке келгенге дейін Украинаға 6 млрд доллар көмек жолдауды жоспарлап отырғаны хабарланған.

Маск Ақ үйдің Ресейге қатысты шешіміне пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.