Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина неліктен Курск облысында әскери операция жүргізуге мүдделі: Зеленский жауап берді

Жарияланған күні:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Spencer Platt/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Украина қарулы күштерінің Ресейдің Курск облысындағы операциясы туралы айтты. Оның айтуынша, Украинаға Ресей территориялары қажет емес, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Украина Ресей аумағын басып алуға ниетті емес, алайда Курск аймағына басып кіру Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтатуға әсер ететін болса, онда Киев оны пайдаланады, деді Зеленский.

Оның айтуынша, Украина тек өз аумақтарын қайтаруға мүдделі.

"Егер соғыс аяқталғаннан кейін дипломатиялық қадамдармен немесе бүгінгі ұрыс даласындағы әскери тактикалық қадамдармен бұл операцияның ықпалды әсері болса, біз оны пайдаланамыз", - деді Украина басшысы.

Зеленский Курск аймағына Солтүстік Кореяның әскери қызметшілері келгенін де айтты.

Еске салсақ, бұған дейін Зеленский Украина үкіметінің құрамы өзгеретінін мәлімдеген еді. Елде бес бірдей министр отставкаға кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2181539-ukraina-nelikten-kursk-oblysynda-askeri-operatsiia-zhurgizuge-muddeli-zelenskii-zhauap-berdi/