"Соғыс бола қалса": НАТО-ға мүше Швеция мен Финляндия азаматтарға соғысқа қатысты нұсқаулар таратып жатыр
Жарияланған күні:
Швеция мен Финляндия азаматтарына соғыс кезінде не істеу керектігіне қатысты кеңес берсе, НАТО-ға мүше басқа да елдер қорғанысын күшейтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ CNN телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Екі ел трансатлантикалық альянсқа кейінгі екі жылда, Ресей көршілес Украина аумағына басып кіргеннен кейін қосылған. Содан бері еуропалық елдер қауіпсіздігін күшейту мақсатында әскер шығынын ұлғайтып жатыр.
Скандинавияда миллиондаған азаматқа таратылған буклетте әскери жанжал салдарына, жарық пен байланыс үзілгенде, сонымен бірге табиғи апаттарға қалай дайындалу керектігі туралы нұсқаулар бар.
Мемлекеттік органдар тұрғындарға соғыс жағдайында өзін қалай асырау болатыны туралы кеңестер берді. Атап айтқанда, таза су, гигиенаға қажетті заттар, жөргек, дәрі-дәрмек және балалар тамағы қорын жинау керектігі ескертілген.
Швеция үкіметі 18 қарашадан бастап екі апта бойы "Дағдарыс немесе соғыс бола қалған жағдайда" деп аталатын шағын кітапшаларды бес миллион адамға таратуды көздеп отыр. Бұл елде осындай брошюралар алғаш рет Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басылған. Оның қазан айында жарияланған цифрлық нұсқасы шамамен 55 мың мәрте жүктелген.
"Кейінгі жылдары бейбітшілікке қатты нұқсан келді. Соғыс біздің төңірегімізде жүріп жатыр", - деп мәлімдеді швед үкіметі.
Финляндия ішкі істер министрлігі дүйсенбі күні дағдарыс қарсы жаңа кеңестерін жариялады. Мұнда да әскери жанжалдар кезінде не істеу керектігіне қатысты нұсқаулар берілген.
Бұның алдында Норвегия мен Дания дағдарысқа қалай дайындалуға болатыны туралы әскери кеңестерін жаңартып, азаматтарға таратқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2189268-sogys-bola-qalsa-nato-ga-mushe-shvetsiia-men-finliandiia-azamattarga-sogysqa-qatysty-nusqaular-taratyp-zhatyr/