Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский: Қырым үшін он мыңдаған адамның өмірін қия алмаймыз

Жарияланған күні:

Украина президенті Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Christian Marquardt/NurPhoto/Getty Images

Владимир Зеленский Fox News арнасына берген сұқбатында Қырымды Украинаға қайтару туралы сұраққа жауап бере отырып, қандай мақсат болмасын адамдардың өмірін құрбан етуге болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сұқбат барысында журналист Владимир Зеленскийден Украина аумағының бір бөлігі Ресей қол астында қалу мүмкіндігі туралы сұрады.

"Сіз Украина аумағының бір бөлігі атысты тоқтату немесе бейбіт келісімнің шарты ретінде Ресейдің қолында қалуы мүмкін дегенмен келісесіз бе", - деп сұрады журналист.

Оған жауап ретінде Зеленский "Украинаның басып алынған бірде-бір территориясын заңды түрде ресейлік деп тани алмайтынын" айтты.

Кейін Зеленскийге "Соғыс әрекеттерін тоқтатуды көздейтін бейбіт келісім үшін Қырымнан бас тартуға дайынсыз ба?" деген сұрақ қойылды.

"Мен Қырымды тек дипломатиялық жолмен қайтаруға дайын екенімізді жоғарыда айттым. Біз бір Қырымды қайтару жолында он мыңдаған адам өмірін қия алмаймыз", – деп жауап берді Зеленский.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190411-zelenskii-qyrym-ushin-on-myngdagan-adamnyng-omirin-qiia-almaimyz/