Путин Ресей зымырандарын қандай нысандарға қарсы қолданатынын айтты
Жарияланған күні:
Ресей президенті Владимир Путин арнайы үндеуінде жаңа қаруын нақты қай нысандарға қарсы қолданатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Жаңа зымыран кешендерімізді қай нысандарға қарсы қолданатымыз Ресей Федерациясының қауіпсіздігіне төнген қатерге қарай анықталады.
Қаруымен біздің нысандарға шабуылдап жүрген елдердің әскери нысандарына қарсы қару қолдануға қақымыз бар деп есептеймін", - деп мәлімдеді Ресей президенті.
Сонымен бірге Путин агрессиялық әрекеттер үдей түскен жағдайда Ресей оған "дәл сондай қарымта әрекетпен жауап беретінін" айтты.
Путин осы үндеуінде Ресей Украинаға соққы жасау кезінде орташа қашықтыққа ұшатын жаңа "Орешник" қаруын қолданғанын айтқан. Әскери-өнеркәсіп нысанына жасалған соққы оны жойды, дейді Путин.
21 қарашада Ресей қорғаныс министрлігі Storm Shadow британ зымырандарын атып түсіргенін хабарлаған.
17 қарашада АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қашыққа ұшатын ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын шабуылдауға рұқсат бергені мәлім болған. Екі күннен соң, 19 қарашада Ресей қорғаныс министрлігі Украина Брянск облысын америкалық алты ATACMS зымыранымен атқылағанын, соның бесеуі жойылғанын мәлімдеген.
Киевке қашыққа ұшатын зымырандарды қолдану үшін АҚШ пен Ұлыбританияның рұқсаты қажет болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190957-putin-resei-zymyrandaryn-qandai-nysandarga-qarsy-qoldanatynyn-aitty/