Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей қорғаныс министрлігі Storm Shadow британ зымырандарын атып түсіргенін хабарлады

Жарияланған күні:

Storm Shadow зымыраны
Storm Shadow зымыраны. Фото: John Keeble/Getty Images

21 қарашада, бейсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі екі Storm Shadow британ қанатты зымырандарын атып түсіргенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РКБ сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Лукашенко Беларусьте ядролық қару бар екенін растады

Министрлік британ зымырандары Ресейдің нақты қай ауданында атып түсірілгенін айтпады, есесіне алты HIMARS снаряды мен 67 дрон жойылғанын мәлімдеді.

Storm Shadow – 250 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан нысанды атып түсіре алатын британ қанатты зымыраны.

Киевке қашыққа ұшатын зымырандарды қолдану үшін АҚШ пен Ұлыбританияның рұқсаты қажет болды.

Кремльдегілер осы шабуылға қатысты сауалдарға жауап беруден бас тартты.

"Мен қазір әскери мекеменің құзыретіне кіретін тақырыптар бойынша ештеңе айтқым келмейді", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Бір күн бұрын ресейлік әскери блогерлер мен батыс баспасөзі Украина алғаш рет Ресей аумағын Storm Shadow зымырандарымен атқылады деп хабарлаған. Шабуыл Ресейдің Курск обылысындағы Марьино ауылына жасалған. Telegram-да жарияланған видеоны CNN тексеріп, жарылыстың нақты қайда болғанын анықтаған.

19 қарашада Ресей қорғаныс министрлігі Украина Брянск облысын америкалық алты ATACMS зымыранымен атқылағанын, соның бесеуі жойылғанын хабарлаған.

Ресей президенті Владимир Путин қыркүйекте батыс елдерінің қашыққа ұшатын зымырандарды қолдануға қойылған шектеуді алып тастауы Ресейдің "НАТО елдерімен, АҚШ, Еуропа елдерімен соғысып жатқанын" білдіреді деп мәлімдеген.

17 қарашада АҚШ президенті Джо Байден Украинаға ATACMS зымырандарымен Ресей аумағын атқылауға рұқсат бергені туралы мәлімет тараған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2190731-resei-qorganys-ministrligi-storm-shadow-britan-zymyrandaryn-atyp-tusirgenin-habarlady/